Жыл сайын өңірге қажет мамандарды даярлау үшін әкім гранты беріледі. Облыстық білім басқармасы 2026-2027 жылдарға арналған жергілік бюджет есебінен оқытатын мамандықтардың тізімін жариялады. Биыл 162 талапкер арнайы грантқа ие болмақ.
— Гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қарастырылған. Атап айтқанда, математика пәнінің мұғалімі, сурдопедагогика, логопедия, олигофренопедагогика, тифлопедагогика, медицина, орман ресурстары және орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, гидромелиорация, дене тәрбиесі және спорт нұсқаушысы, орындаушылық өнер, театр өнері, көлік құрылысы, сәулет, құрылыс, исламтану, бухгалтерлік есеп және аудит, экономика мамандықтарына гранттар бөлінді, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Биыл резидентурада оқу үшін 46 грант бөлінеді. Жергілікті бюджет есебінен оқитын үміткерлер құжаттарын тамыз айында тапсырады.