• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 14 жанұя қоныс тойын тойлады

Үйлер Жаңақала ауданының орталығында бой түзеді.
БҚО-да 14 жанұя қоныс тойын тойлады
БҚО әкімдігінің фотосы

Батыс Қазақстан облысында жалғыз баспанасы апатты деп танылған 14 жанұя үйлі болды. Қоныс Жаңақала ауданының орталығында бой түзеді. Пәтер кілтін аймақ басшысы Нариман Төреғалиев табыстады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер жүктеді. Соның бірі — ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын жандандыру. Биылдан бастап жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылды. Осы санаттағы отбасыларға Орал қаласын айтпағанда, Сырым және Тасқала аудандарында жаңа пәтерлер береміз. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, бақ-берекелі болғай!, - деді Нариман Төреғалиев.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Жаңақала ауданында жалғыз баспанасы апатты деп танылған 52 тұрғын кезекте тұр. Кезекте тұрған отбасылардың 14-і жаңа үйде қоныс тойын тойламақ. Әкімдік көп ұзамай елді мекендерде тағы жеті үйдің құрылысы аяқталып, табысталатынын хабарлады.