Батыс Қазақстан облысында 22 мемлекеттік қызметкердің такси жүргізушісі және тауарды жеткізуші болып қосымша жұмыс істегені анықталды. Бұл туралы әдеп жөніндегі кеңесте белгілі болды. Мемлекеттік қызметшілер кірістер департаментіне «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» деп көрсеткен. Заң талаптары бойынша мемлекеттік қызметкерлерге тек оқытушылық, ғылыми және шығармашылық, резевтегі әскери қызметті өтеуден бөлек, өзге жолмен ақша табуға тыйым салынған.
Кеңес төрағасы Мұрат Байсалов қосымша жұмыс істеп, ақша таппақ болғандарды «Жұмыстан шығару туралы қатаң жаза қолданылады» , деді
Бұдан бөлек, 602 мемлекеттік қызметші Әкімшілік кодекс талаптарын бұзып, жаза арқалапты. Жол жүру ережесін бұзғандар көп. Осы олқылықтың саны 445-ті құрайды. Бұдан өзге, мемлекеттік сатып алуда қате жібергендің саны-17, рұқсат беру тәртібін 19 қызметкер бұзғаны анықталды. Және өзге де заң бұзушылықтар бойынша жазаланғандардың саны 121-ді құрайды.
Өңірде мемлекеттік қызметшілердің де құқығын бұзған дерек көп. Әсіресе, еңбек демалысына берілетін ақы 13 қызметкерге кешігіп төленген. Іс-сапарға шыққан шығындарға кешіктіріпті. Мұндай 577 олқылық тіркелген.
Жалпы Батыс Қазақстан облысында 3500 астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді.