• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралдық Әсемгүл Ғалымжанова Көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды

Әсемгүл Ғалымжанова мен Санжар Өмекей қарсыластарынан оза шапты.
Оралдық Әсемгүл Ғалымжанова Көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды
Қайыр Аманжолдың фотосы

Қырғыстаннан ақ жолтай хабар жетті. Оралдық Әсемгүл Ғалымжанова көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды. Спортшы садақ ату бойынша қарсыластарынан озып, Орта Азия нысанасы бойынша 40 метр қашықтықта топ жарды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Әсемгүлді жеңісімен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов құттықтады.

- Батыс Қазақстан облысы дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті ретінде бұл жеңісті ерекше мақтанышпен қабылдаймын. Себебі ұлттық спорттың биігін бағындырып, ел намысын қорғап жүрген әрбір спортшының жетістігі - біз үшін үлкен қуаныш. Әсемгүл, мерейің үстем, жебең нысанаға дәл тие берсін!, - деп жазды Мұрат Байменов.

Главный баннер

Әсемгүл бұған дейін дәстүрлі садақ атудан "Чемпиондар лигасы" республикалық турниріне қатысып, Көшпенділер ойынына жолдама алды. Ғалымжанованың жеңісін батысқазақстандық шабандоз Санжар Өмекей жалғады. Спортшы 12 шақырым құнан бәйгесінде топ жарып, алтын медаль қанжығалады. Ол "Нұршашу" жүйрігін тізгіндеді.

Санжар
Санжар

Биыл дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қырғызстан елінде өтіп жатыр. Байрақты бәседе 100-ден астам мемлекет пен үш мыңнан астам спортшы бақ сынайды. Қазақстан намысын 150 спортшы қорғайды. Жарыс алтыншы қыркүйекке дейін жалғасады.

Главный баннер --> after article