• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да алимент төлеуден жалтарған 13 адам сотталды

БҚО-да 250 млн теңге алимент қарызы өндірілген.
БҚО-да алимент төлеуден жалтарған 13 адам сотталды
Сурет "ЖИ"(chatgpt) көмегімен жасалды

Биыл Батыс Қазақстан облысында алимент төлемеген 13 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлайды. 

Прокурорлар баласына алимент төлеудің орнына бәс тігіп, тапқан-таянған қаражатын ойынға салғандар екенін де жасырмады. Борышкер баласын асыраудың орнына төрт миллион теңгені бәске жұмсапты. Ойынқұмар ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Күдікке ілінген тұрғын тергеу барысында 2,6 миллион теңгені құрайтын алимент қарызын толық өтепті.

2026 жылы өңірде алимент қарызын төлемей жүргендер 250 миллион теңгені аударған. Осылайша 600-ге жуық балақай тиісті қаражатын алған.