Батыс Қазақстан облысында қарасора өсімдігін баптап өсірген тұрғын сотталды. Іс Шыңғырлау аудандық сотында қаралды. Соттың таратқан мәліметке сүйенсек, сотталушы тыйым салынған өсімдікті ауласында шұңқыр қазып өсірген. Тәртіп сақшылары ауланы тексерген кезінде 420 грамм екі қарасора өсімдігін тауып, тәркілеген.
Тыйым салынған өсімдікті өсірген тұрғынды сот Қылмыстық кодекстің 300 бабының екінші бөлігі, үшінші тармағы бойынша кінәлі деп тапты. Судья оған Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.