• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да мәдениет үйі пайдалануға берілді

Мәдениет ошағы Ақжайық ауданына қарасты Қабыршақты ауылында бой түзеді.
БҚО-да мәдениет үйі пайдалануға берілді
БҚО әкімдігінің фотосы

Ақжайық ауданына қарасты Қабыршақты ауылының тұрғындары бұл күнді асыға күтті. Ауылда 1961 жылы салынған мәдениет үйінің тозығы жетіп, апатты деп танылған.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жаңа ғимаратты «АлТим» ЖШС салған. Оның жалпы құны 376 миллион теңгені құрайды. Жаңа мәдениет үйінің көрермендер залы 100 адамға арналған.

Ауыл тұрғындарының қуанышын аймақ басшысының орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев бөлісті. Ол өңір басшысының дұғай сәлемін жеткізіп, жаңа өнер ордасына он домбыра тарту етіп, ғимараттың ауласына көшеттерді отырғызды.

–Ауылдың ажары көрікті келбетімен ғана емес, рухани байлығымен де өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа нысанның ел игілігіне берілуі Қабыршақты ауылының әлеуметтік-мәдени өміріндегі айтулы өзгеріс екені сөзсіз. Баршаңызды аймақ басшысының атынан ұлттық мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық пен шаттық тілеймін. Мәдениет үйі бірлік пен береке, өнер мен өнегенің ордасына айналғай!, - деді Қайыржан Меңдіғалиев.

Облыс әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ақжайық ауданында соңғы үш жылда Жамбыл, Мерген және Бударин ауылдарында мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, Көнеккеткен ауылында жаңа ғимарат пайдалануға берілген.

Фотогалерея
4 фото