• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да спорт ардагері төленбеген сыйақысын сот арқылы өндіріп алды

Спорт ардагері Венгрияда грек-римнен өткен жарыста жүлделі орынға ие болған.
БҚО-да спорт ардагері төленбеген сыйақысын сот арқылы өндіріп алды
Сурет "ЖИ" (chatgpt) көмегімен жасалды

Батысқазақстандық спорт ардагері тиісті сыйақысын сот арқылы өндіріп алды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының соты хабарлады. Ол 2025 жылдың 7-12 қазан аралығында Венгрияның Татабанья қаласында өткен грек-римнен Әлем чемпионатына қатысқан. Спортшы байрақты бәсекеде жүлделі орын алыпты.

Спорт саңлағы тиісті өтемақысын төлеу үшін жауапты мекемеге жолыққан. Мекеме ардагерге өтемақы төлеуден бас тартқан.

– Ведомство өз шешімін талап қоюшының спорт ардагері екендігімен және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының құрамына кірмейтіндігімен түсіндірген.Істі қарау барысында сот жауапкердің бұған дейін де спорт ардагеріне 2022–2024 жылдары жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақы төлеу туралы қолайлы әкімшілік актілер қабылдағанын анықтады. Бұл мән-жай 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 3370 төлем тапсырмасымен расталған, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі.

Спорт ардагерінің ісін қараған сот министрліктің 2025 жылғы 30 желтоқсанындағы ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп танып, күшін жойды.

– «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» мемлекеттік мекемесіне грек-рим күресінен спорт ардагерлері арасындағы әлем чемпионатында жүлделі орын алғаны үшін талап қоюшыға ақшалай сыйақы төлеу туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелді, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз хатшысы.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.