Қоғамдық орында темекі тұқылын тастағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Әкімшілік іс Жәнібек ауданының сотында қаралыпты. Тұрғын шылым тұқылын дүкеннің алдына лақтырыпты. Ол сотта өз кінәсін мойындапты. Сот тұрғынды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2- бабы, бірінші бөлігімен кінәлі тапқан. Тұрғын соттың қаулысымен 30275 теңге айыппұл төлейді.
Қаулы заңды күшіне енді.