• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да үш ауыл таза ауыз сумен қамтылды

Қаратөбе ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды.
БҚО-да үш ауыл таза ауыз сумен қамтылды
БҚО әкімдігінің фотосы

Батыс Қазақстан облысында үш ауыл таза ауыз сумен қамтылды. Тіршілік нәрі Қаратөбе ауданына қарасты Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылының 1700-ге жуық тұрғыны тұтынбақ.Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәуле ауылында таза ауызды салтанатты түрде іске қосылды. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Главный баннер

– Су – тіршілік нәрі. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде Қаратөбе ауданы 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жалпы облыс халқы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен толық қамтылған. Ендігі міндет – тіршілік нәрін үнемді пайдалану. Президент атап өткендей, қоғамның әр мүшесі, әр отбасы су тұтыну мәдениетін сақтауы тиіс. Жас ұрпақты осы бағытта да тәрбиелеуіміз керек. Бүгінгі қуаныш құтты болсын, ауыл ажарлана берсін! – деді Нариман Төреғалиев.

Жоба аясында үш елді мекенге жаңа тармақ тартылып, магистральдық сумен жабдықтау жүйелері салынды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталып, 2026 жылдың тамызында аяқталды.

Игі бастама қайтарылған активтер есебінен жүзеге асты. Жобаның жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайды. Қаражаттың 80 пайызы арнайы қордан төленген.

Главный баннер --> after article