Оралда «Жайық жылу қуат» мекемесіне жаңа басшысы болып Азамат Ерғарин тағайындалды. Азамат Артурұлы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Бұл туралы «Жайық жылу қуат» мекемесі хабарлады. Жаңа басшының жылу энергетикасында тәжірибесі мол екен. Ол 2014 жылдан бері осы салада жұмыс істейді. Ол еңбек жолын 2014 жылы жылу энергетикасында оператор болып бастаған. Күні бүгінге дейін ол түрлі қызметте еңбек етіп, уческенің шебері, учаскенің бастығы болған. Ал, 2025 жылдың желтоқсанынан бастап биылғы жылдың қыркүйегіне дейін мекеменің бас директорының техникалық мәселелері бойынша орынбасары қызметі атқарыпты. Азамат Артурұлы 2026 жылдың 14 қыркүйегінде бас директор лауазымына тағайындалыпты.

Бұған дейін «Жайық жылу қуат» мекемесін Бақытжан Акимгужин басқарды. Ол 2022 жылдың қарашасынан бері мекеменің бас директоры болды.
- Из-за долга в 3,7 млрд тенге Уральскую ТЭЦ отключили от газа
- Горячая вода будет возвращаться в дома уральцев постепенно
- Отключение горячей воды продлили в Уральске
- Оралда жылу беру маусымы қашан аяқталады?
- 24 жылдық тәжірибе: Қайыржан Зейнешовтың еңбегі мен өмірі
- Еңбегімен елге үлгі: Манас Гусманов дәнекерлеу ісіндегі 20 жылын баяндады
- Китайские инвесторы будут строить новую ТЭЦ в Уральске