• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда студенттерге арналған туриада өтті

Биыл 14-19 қыркүйек аралығында студент жастарға арналған студенттер фестивалі өтті.
Оралда студенттерге арналған туриада өтті
Орал қаласы әкімдігі түсірген видеодан стоп кадр

 Орал қаласында студент жастарға арналған фестиваль өтуде. Іс-шара 14-19 қыркүйек күндері ұйымдастырылды. Фестивальге жанама түрде бес мыңнан астам студент қатысса, жарыстарға  мыңнан астам жас бақ сынапты. Ауқымды іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен өтті. Студенттерге арналған дәстүрлі іс-шара биыл біраз өзгеріске ұшыраған. Бұрындары ұйымдастырушылар жастарды өнерге баулуды көздесе, биыл интеллектуалды, спорттық іс-шаралардың саны артқан.

— Біз биыл «Орал жастары студенттер фестивалін» бес бағыт бойынша жоспарлап, ұйымдастырдық. Бес бағыт бойынша студенттер сынға түсті. Бес бағыт бойынша студенттерді дамытуды көздедік. Олардың интеллектуалды қабілетін дамыту, цифрлық көзқарасын қалыптастыру, цифрлық жасанды интеллектіні қолдануды үйрету, «Таза Қазақстан» бойынша экологиялық тәрбие беру, «Заң мен тәртіп» бойынша шығармашылық қабілетін арттыру. Студент-жастар театрландырылған қойылым қойды, интеллектуалды ойынға, қайырымдылық іс-шараларға қатысты. Сенбілік жасады. Осы фестиваль аясында бірінші рет спорттық-туристік «Туриада» ұйымдастырылды, -деді іс-шараның ұйымдастырушысы Тасболат Серікқалиев.

Главный баннер

Осы фестиваль аясында облыс орталығында алғаш рет туристтік -спорттық «Туриада» ұйымдастырылды.Сайыста 12 оқу орнынан 300 студент бақ сынады. Студенттер жарыстың бес кезеңі бойынша сынға түсті. Олар салауатты өмір салтын насихаттайтын тапсырмаларды орындады. Жастардың қарым-қабілетін «Атамекен» лагерінің әдіскерлері бағалаған.

Студент жастарға арналған туриада қатысушыларымен қала әкімі Мұрат Байменов кездесті. Жастармен жүздескен шаһар басшысы туриада жайлы пікірімен желі қолданушыларымен бөлісті. 

— Бірнеше күн бойы жастарымыз өз өнерін көрсетіп, интеллектуалдық сайыстарда бақ сынап, спортта күш сынасып, жаңа достар тапты. Ал бүгін командалық рух, шапшаңдық пен ептілік сынға түсті.  Маған әсіресе жастардың бір-біріне қолдау көрсетіп, бірге күліп, бірге қуанып жүргені ұнады. Себебі мұндай фестивальдің басты нәтижесі – тек жеңімпаздарды анықтау емес. Ең бастысы – жастардың араласуы, жаңа идеялардың пайда болуы, достықтың нығаюы. Бүгін жастармен еркін форматта сөйлесіп, олардың ой-пікірін, ұсыныстарын тыңдадық. Қаламызға қатысты ойлары мен бастамалары бар екенін көріп, қуандым. Оралдың жастары белсенді болса, қаланың да тынысы бөлек болады, – деп жазды Мұрат Байменов.

Ал, 19 қыркүйекте Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында студенттер фестивалінің гала-концерті өтпек. Осы кеште фестивальдің жеңімпаздары марапатталады.

Главный баннер --> after article