Оралда күн райы жылынып, ауа температурасы күндіз 20 градус нөлден жоғары болды. Күн жылынғандықтан оралдықтар үйдегі жылуды қашан айырады деген сауал толғандырып жүр. Осы сұрақты жылуға жауапты «Жайық жылу қуат» мекемесіне жолдадық. Коммуналды мекеме әзірге үйлерді жылудан ажырататын күнін дөп басып айта алмады. Жылу беру маусымы кем дегенде 15 сәуірге дейін жалғаспақ.
- Жылуды ажырататын уақыты әлі белгілі болған жоқ. Себебі сәуірдің 10-15 бастап күн салқындайды деп күтілуде. Сол себепті біздер әзірге жылуды айырмаймыз. Сәуірдің онынан кейін түнде ауа температурасы бір, үш градус, күндіз бес градус болады деп күтілуде. Қазір жылуды ажыратып тастайтын болсақ, кейін күн салқындағанда кері қоса алмаймыз. Жылуды айыруды 15-ші сәуірден кейін қарастырамыз, -деді «Жайық жылу қуат» мекемесі директорының орынбасары Бекболат Камешов.