• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

26 маусымнан бастап «Орал-Ташкент» рейсінің саны артпақ

Ақжайық пен Өзбекстан астанасын жалғайтын рейсті Centrum Air компаниясы орындайды.
26 маусымнан бастап «Орал-Ташкент» рейсінің саны артпақ
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

26 маусымнан бастап Оралдан Өзбекстан астанасына қатынайтын рейстердің саны артпақ. Бұл туралы «Орал» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. Рейс «Орал-Ташкент-Орал» бағытында қатынайды. Жолаушыларды Centrum Air компаниясы тасымалдайды.

Өзбекстан астанасын жалғайтын рейс 21 наурыздан ұша бастады. Алғашында аптасына екі рет рейс болып еді. Кейін оның саны қысқартыпты. Оралдықтар аптасына тек бір-ақ рет Ташкентке қатынайтын еді. Енді міне, рейс саны қосылды. Оралдықтар 26 маусымнан бастап аптасына екі рет Өзбекстанның бас қаласына ұша алады.

Главный баннер --> after article