• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 25 қыркүйекте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке Құрманғазы көшесі, 173А мекенжайында болады.
Оралда 25 қыркүйекте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда Еңбек күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке 25 қыркүйекте "Мансап" орталығы, Құрманғазы көшесі, 173А мекенжайында ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы хабарлады.

Жәрмеңке сағат 15:00 мен 17:00 аралығында өтпек. Оған қала жастары, мүгедектігі бар жандар, пробация есебінде тұрған адамдар мен екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар қатыса алады. Шаһарда осымен алтыншы мәрте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. 

Главный баннер

Облыстық еңбек мобильділігі орталығының таратқан ақпарына сүйенсек, биылғы жылдың екі тоқсанының қорытындысы бойынша өңірде 16502 адам жұмыссыз деп тіркелген. Оның 5511-і Орал қаласының тұрғындары екен. 

Главный баннер --> after article