• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Іс-шара Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылады.
Оралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара оныншы шілдеде ұйымдастырылады.Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының таратқан ақпарына сүйенсек, бос жұмыс орындары ұсынылған жәрмеңке шаһардың мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Іс-шара сағат 16:00-де басталады деп күтілуде.

Іс-шара барысында өндіріс ошақтары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бос жұмыс орындарын ұсынбақ. Жәрмеңкеге кез-келген тұрғын қатысып, жұмыс берушілермен тілдесіп, сауалдарын жолдай алады.

Главный баннер --> after article