17 марта в 11:10

БҚО-да алимент төлемеген 3 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды

БҚО-да 2025 жылы алимент төлемей жүрген жандарға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалып, үш адам қылмыстық жауапкершілік арқалаған.

БҚО-да 2025 жылы алимент төлемей жүрген жандарға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалып, үш адам қылмыстық жауапкершілік арқалаған.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарып, жүрген борышкерлердің үстінен 16 қылмыстық іс қозғалыпты. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 139- бабы бойынша жауапқа тартылады. Облыстық прокуратураның келтірген дерегіне сүйенсек, 16 тұлғаның алимент қарызы 21 миллион теңгені құрайды. Прокурорлар үш тұлғаның қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, төрт іс қос тараптың татуласуымен аяқталғанын хабарлады. Қылмыстық істерді тергеу барысында он миллион теңгеден астам алимент борышы өтелген.

2024 жылмен күні бүгінге дейін бір миллиард теңгеден астам алимент қарызы өндіріліпті. 451 борышкер жұмысқа орналастырылып, 598 адам уәкілетті органдарға есепке қойылған. Алимент төлеуден жалтарып жүрген 165 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.  


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp