БҚО-да қарғын судың қаупінен бөгет жырылды
Бәйтерек ауданына Махамбет ауылында бөгетті жырды.

Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылында бөгет жырылды. Қарғын су ауылға қауіп төндіргесін ауыл әкімі түнгі 03:30 шамасында бөгетті жырып, қар суын Шаған өзеніне ағызып жіберуге шешім қабылданыпты. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына келетін қауіп жоқ көрінеді.
— Қазір суларын ағызып жіберді. Әлі су ағып жатыр. Қазір су азайғаннан кейін, қайтадан жауып тастайды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын жер кепкеннен кейін істейді,- дейді Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов.
Бәйтерек ауданы әкімдігінің хабарлауы бойынша, қазір тұрғындарға келетін қауіп жоқ. Бөгетті «БайтерекЖолҚұрылыс» ЖШС қайта қалпына келтірмек.