13 марта в 14:00

БҚО-да Наурызнама қалай және қайда тойланады

Батыс Қазақстан облысында наурыз мерекесіне орай түрлі іс-шаралар өтеді.

Батыс Қазақстан облысында наурыз мерекесіне орай түрлі іс-шаралар өтеді.
Фото ЖИ көмегімен жасалды

2021 жылдан бастап қазақстандықтар Наурыз мерекесін он күн бойы тойлайды. Наурызнаманың әр күнінде тағылымды мол шаралар өтеді. Биыл да ұлық мереке 14 наурыздан басталмақ. Көрісу күні Ақжайық өлкесінде кеңінен тойланбақ. Мейрамда  концерт, ұлттық Quiz, айтыс, тағылымды шара, мерекелік кеш, театрландырылған көрініс пен спорттық турнир өтеді. Шаһардағы ойын-сауық орталықтарында көрісу дәріптеп, іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыс орталығында «Көрісу күні – Амал мерекесі» күніне орай мерекелік концерті «Атамекен» өнер ордасында сағат 11:00-де өтеді.

Наурызнаманың он күндігінде ұйымдастырылатын шара көп.

Ұлыстың ұлы күнінде облыс орталығында «Тұңғыш президент» алаңында сағат 11:00-де «Наурыз береке бастауы» театрландырылған мерекелік бағдарлама мен концерт өтпек. Алаңда Батыс Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде «Күміс әшекей – ұлт жауһары», «Таңғажайып өрнектер» көрмесінде ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекеде спорттық сайыста өтеді деп жоспарлануда.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp