08 марта в 14:00

БҚО-да оқушыларға дроппер болмаудың жолдарын түсіндірді

БҚО-да экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері мектеп оқушыларына дроппер болмау, алаяқтардан ұсыныс келіп түскен жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.

БҚО-да экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері  мектеп оқушыларына дроппер болмау, алаяқтардан ұсыныс келіп түскен жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.
Фото "МГ" мұрағатынан

Қазіргі таңда интернет алаяқтарына алданғандардың саны күн санап артып келеді. Қылмыскерлердің арбауына түскендер қаржысын қалай санап бергенін өздері түсінбейді. Зардап шеккендер бөгде адамдарға жеке ақпаратын ұсынып, қаржысына иелік етуге мүмкіндік береді. Интернет алаяқтығынмен күресте жаңа технологиялар қолданылса да, жыл санап алданғандардың саны азаяр емес. Сала мамандары бұқараға түсіндіру мен алдын алуға екпін салыпты.

БҚО-да экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері мектеп пен университеттер қабырғасында жастармен кездесіп, дәріс ұйымдастырды. Олар студенттер мен оқушыларға дроппер болудың жауапкершілігін айтып, оның жазасын  түсіндірді.

– 5-11 сынып оқушыларына арнайы сабақ ұйымдастырылды. Департамент қызметкерлері қаржылық қауіпсіздіктің негіздері, алаяқтық схемалардың белгілері мен алаяқтардың құрбаны, дроппер болмау жолдарын айтып берді. Егер оқушыларға дроппер болуды ұсынған жағдайда қолданылу керек іс-шаралар алгоритмі де түсіндірілді. Осы іс-шаралар өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттын арттырып қана қоймай, қылмыстардың айтарлықтай төмендеуіне ықпал, - деп есептейді БҚО экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері.

 Қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке есепшотын алаяқтардың қолдануына берген қазақстандықтар жауапкершілікке тартылады.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp