БҚО-да судың сапасын тексерді
Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті судың сапасы мен химиялық құрамын тексерді.

Қазіргі таңда су тасқыны қаупіне байланысты санитарлық-эпидемиологиялық департаменті мониторингті күшейтіліпті. Тіршілік нәрі - басты назарда. Жыл басынан бері мониторинг нәтижесі бойынша микробиологиялық зерттеулерге 708 су сынамасы алынған. Оның 11 сынамасынан жалпы микроб саны бойынша, санитариялық-химиялық зерттеулерге 730 су сынамасы алынып, оның 29 сынамасынан тығыздылығы, лайлығы бойынша сәйкессіздікті анықталыпты.
– Су жинау нүктелерінде іріктеп алынатын сынамалардың бес пайызы жалпы микроб саны, жалпы колиформды бактериялар саны және жалпы термотолерантты колиформды бактериялар саны көрсеткіштері бойынша гигиеналық нормативтер деңгейлерінен аспаса, су тұтынушыға сумен жабдықтау жүйелерін пайдалана отырып берілетін ауыз су сапалы және қауіпсіз деп танылады. Анықталған сәйкессіздіктер бойынша уақытылы әкімшілікке және сумен қамтамасыз ету мекемелеріне су құбырларына, құдықтарға дезинфекция жасап, су сапасын сәйкестендіру бойынша шаралар жүргізу тапсырылды. Қазіргі таңда, аталған сәйкессізтер бойынша жұмыстар уақытылы атқарылды,- дейді Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.
Су тасқыны кезінде санитарлық-эпидемиолог мамандар тіршілік нәрінің сапасына мониторинг жасап, қажеттілікке қарай бактериологиялық, вирусологиялық және химиялық көрсеткіштерге зертханалық тексеру жүргізеді.