23 тамызда қазақстандықтар ел ертеңі үшін маңызды таңдау жасауда. Ел аумағы мен шетелде орналасқан сайлау учаскелері таңғы жетіде өз жұмысына кірісті. Бүгін қазақстандықтар алғаш рет Құрылтай депуттаттарын сайлауды. Сайлауға келіп, дауыс берген жандардың қарасы қалың. Батыс Қазақстан облысы бойынша 450 мыңнан астам адам таңдау жасауға құқылы. Өңірде 488 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Соның 33-і Бөрлі ауданында орналасқан.
Аудан аумағында орналасқан сайлау учаскелері заң талаптарына сай таңғы жетіден бастап өз жұмысына кірісті. Саяси науқанда аудан тұрғындары белсенділік танытып жатыр. Тұрғындар отбасы мүшелерімен сайлау учаскелеріне барып, таңдау жасауда.
— Сайлау күніне ерекше сипат беріп отырған мұндай көріністер тұрғындардың қоғамдық өмірге деген қызығушылығы мен азаматтық белсенділігін көрсетеді. Әр азамат өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындауда, – деп хабарлады Бөрлі ауданының әкімдігі.
Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Тарихи бетбұрыс: Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде
Қазақстанда алғаш рет Ұлттық Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны басталды. Бұл реформа дайын тізімдерден бас тартып, мемлекеттік шешімдерді қабылдауға халықты тікелей қатыстыруды көздейді.
Сайлаудың басты ерекшеліктері
Жаңа формат азаматтық қоғамға кең жол ашады:
- Кең өкілдік: Кандидаттарды партиялар ғана емес, қоғамдық ұйымдар, кәсіби одақтар мен өңірлік белсенділер де ұсына алады.
- Ашық жүйе: Дауыс беру процесі мен кандидаттар бағдарламасы арнайы электронды платформада жарияланады.
- Ауылдар мен қалалар теңдігі: Өңірлер мен моноқалалар мүддесін қорғау үшін арнайы квоталар қаралған.
Қарапайым тұрғындарға не береді?
- Жергілікті түйткілдер шешіледі: Жол, су, мектеп мәселелерін жақсы білетін өңір белсенділері мәселені жоғары деңгейге шығарады.
- Тікелей есеп: Сайланған депутаттар халық алдында тұрақты түрде есеп береді.
Құрылтай депутаттарын сайлау — билік пен қоғам арасындағы шынайы диалогты қалыптастыратын маңызды қадам.