• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Бөрлі ауданының әкімі өз таңдауын жасады

23 тамыз Құрылтай депуттаттарының сайлауы өтуде.
Бөрлі ауданының әкімі өз таңдауын жасады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстан өзінің саяси жүйесіндегі маңызды әрі соны қадамға аяқ басты. Ел тарихында алғаш рет Ұлттық Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны бастау алды. Бұл реформа — мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесіне халықты тікелей қатыстырудың және өкілетті органдардың жауапкершілігін арттырудың соны импульсі.

Жаңа жүйе бұрынғы дайын тізімдер мен билік тағайындайтын тетіктерден бас тартып, азаматтық қоғамның нақты үнін естіруге мүмкіндік береді. Сайлау форматы өңірлердің, түрлі сала мамандары мен белсенді азаматтардың мүддесін теңдей қамтуға бағытталған.

Главный баннер

Жаңа модельдің басты ерекшеліктері

Бұл сайлау науқаны дәстүрлі парламенттік сайлаулардан бірқатар маңызды айырмашылықтарымен ерекшеленеді:

  • Шынайы өкілдік: Депутаттыққа кандидаттар тек саяси партиялар атынан емес, қоғамдық ұйымдар, кәсіби қауымдастықтар мен өңірлік азаматтық бастамалар атынан да ұсыныла алады.
  • Барынша ашықтық: Әрбір кандидаттың бағдарламасы мен дауыс беру барысы арнайы цифровизацияланған электронды платформа арқылы ашық бақыланады.
  • Өңірлік теңгерім: Округтер бойынша бөлгенде шағын моноқалалар мен ауылдық аймақтардың мүддесін қорғайтын өкілдерге ерекше квоталар мен нақты орындар қарастырылған.

Бөрлі ауданында да Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде. Аудан тұрғындары саяси науқанда белсенді. Олар сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруде.

Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсановта өз таңдауын жасады. Ол №81 сайлау учаскесіне келіп таңдау жасапты. Аталмыш сайлау учаскесі Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің ғимаратында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің төрағасының таратқан ақпарына сүйенсек, бұл учаскеде 1937 адам тіркелген. Олардың ішінде алғаш рет дауыс беретін жандардың саны 23-ті құрайды. 23 тамызда туған күнін тойлайтын үш адам бар. Және отасқанына 30 жыл толған бір жанұя тіркелген екен. Сайлау учаскесінің төрағасы осы жандарға және бала-шағасымен келген жанұяларға сыйлық тарту ететінін хабарлады.

Сайлау күні Бөрлі ауданында 33 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Тұрғындар кешкі сағат 20:00-ге дейін таңдау жасай алады.Естеріңізге сата кетейік, бүгін 23 тамызда қазақстандықтар маңызды таңдау жасайды. Азаматтар тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын таңдайды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 450 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы. Өңірде 488 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Главный баннер --> after article