Жыл басынан бері Қазақстанның 33 мыңнан астам тұрғыны мамандардың психологиялық көмегіне жүгінді. Елдің барлық 20 өңірінде жұмыс істейтін арнайы орталықтар балаларға, ата-аналарға және мұғалімдерге қиын сәтте тегін әрі кәсіби қолдау көрсетеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Психологтарға кімдер жүгінеді?
Қолдау алғандардың басым бөлігі - мектеп оқушылары. Жыл басынан бері 19 мыңға жуық бала мамандармен жеке сөйлесіп, ішкі мәселелерін шешуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ орталықтарға 10 мыңнан астам ата-ана мен 4,3 мың педагог көмек сұрап бартқан.
Орталық мамандары тек жеке консультация берумен шектелмейді. Олар мектептегі буллингтің, зорлық-зомбылықтың және жасөспірімдер арасындағы депрессиялық жағдайлардың алдын алумен айналысады.
Мектептегі қауіпсіздік және мамандардың біліктілігі
Баланың психологиялық жай-күйін ерте кезеңде байқау - басты міндет. Осы мақсатта психологтар мектеп мамандарына арнап 25 мыңнан астам әдестемелік семинарлар мен практикумдар өткізді. Бұл муғалімдерге оқушы бойындағы өзгерістерді уақытылы байқауға көмектеседі.
Шұғыл көмек қажет болса не істеу керек?
Егер балаңыз мектепте қысым көрсе немесе отбасында тығырыққа тірелген жағдай туындаса, жедел желіге хабарласуға болады. Жыл басынан бері 111 байланыс орталығына 2,6 мыңнан астам шұғыл қоңырау түскен.
Бұл қызмет балалардың құқығын қорғап, күрделі өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға уақытылы көмек қолын созуға бағытталған.