• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Денис Тенді еске алуға арналған турнир өтеді

Алматыда Денис Тенге арналған еске алуға арналған турнир ұйымдастырылады.
Денис Тенді еске алуға арналған турнир өтеді
Фото Денис Теннің әлеуметтік желідегі парақшасынан жүктелді

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған мәнерлер сырғанаудан халықаралық турнир өтеді. Жарыс 7-10 қазан аралығында ұйымдастырылады. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Турнирге 25 елден 150-ге жуық спортшы қатыспақ.

Главный баннер

 — Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады. Байрақты бәсеке Halyk Arena мұз айдынында өтеді, – деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.

Денис Тен– қазақстандық мәнерлеп сырғанушы. Ол ел намысын байрақты бәсекелерде қорғап, 2014 жылы Сочиде олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Ол 2018 жылы бұзақылардың қолынан қаза тапты.

Денис Тен артында мол мұра қалдырды. Ол елімізде мұзда мәнерлеп сырғанау спортын дамытып жас спортшыларды қолдауға  көп көңіл бөлді.

Главный баннер --> after article