Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтер нарығы өсіп келеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Бюро таратқан ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері бұл саланың жалпы айналымы 57 миллиард теңгеден асқан. Негізгі жүктеме мегаполистердің еншісінде.
Мегаполистер көш бастап тұр
Биыл қаңтар мен тамыз айларында тұрғындар пошта және курьерлік сервис өкілдерінің көмегіне 57,2 миллиард теңге жұмсаған. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,1 пайызға көп.
Десе де, көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі елдің екі ірі қаласына тиесілі. Мәселен, Алматы мен Астананың үлесіне нарықтың үштен екісінен астамы келеді.
Қай өңірде сұраныс жоғары?
Статистикаға сәйкес, ақша айналымының ең үлкен үлесі Алматы қаласында тіркелдген. Оңтүстік астанадағы көрсеткіш 33,6 миллиард теңгені құрайды. Екінші орында елорда тұр. Астаналықтар курьерлер мен поштаға 7,6 миллиард теңге жұмсаған. Үштікке 1,8 миллиард теңгемен Қарағанды облысы кірді.
Ал қарапайым халықтың пошта мен курьерге13,4 миллиард теңгені жұмсаған. Ауылдық жерлердегі пошта және курьерлік қызметтердің көлемі екі миллиард теңгені құрайды.
Логистика нені қамтиды?
Қазіргі таңда бұл нарықтың негізін дәстүрлі хат-хабарлар мен бандерольдерден бөлек, заманауи сәлемдемелерді қабылдау, өңдеу және тасымалдау құрайды. Сонымен қатар, қала ішіндегі жылдам курьерлік жеткізу қызметтері де сұранысқа ие негізгі бағыттардың бірі болып қала береді.