23 қыркүйекте Аспан асты еліне қатынайтын жаңа рейс іске қосылды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. Жаңа рейсті «FlyArystan» әуе компаниясы орындайды. Ұшақ Алматы-Чунжин бағыты бойынша ұшады. Рейстер аптасына екі рет сәрсенбі мен сенбі күндері Airbus A320neo» әуе кемелерімен орындалады.
— Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, – деп хабарлады Көлік министрлігі.