Әлеуметтік желіде тойда тілектің орнына, діни уағыз айтқан ер адамның басы дауға қалды. Оқиға Түркістан қаласында болған. Ол шариғатта еркек пен ұрғашы бірге отырмайды деп тұрғындардың шамына тиді. Тіпті музыкаға да тыйым салу керек. Әншілерді «Шайтанның азаншысы» деп бағалады.
Бейнероликті желі қолданушылары біраз талқылады. Біраз адам ашуға булықты. Тіпті ер адамның пікіріне қатысты Ерлан Карин де ойын бүкпеді. Ол «әйелдерді кемсіту, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысызға мүлдем жат», –деп айтты.
Ішкі істер министрлігі Түркістан қаласының 66 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.