24 августа 2017

Газға төленген ақша қайта есептелінеді

Газға төленген ақша қайта есептеледі. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ел бойынша 2 млн тұтынушының «көгілдір отынға» төлеген ақысын заңсыз өсіріп келген. Бұл бассыздықты Табиғи монополияларды реттеу комитеті анықтады. Енді сот шешімімен монополист компания тұтынушыларға 268 млн.теңгесін қайтаруы тиіс. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2012 жылдан бері төлемақыны негізсіз өсіріп келген. Атап айтқанда, компания тауарлы газ тұтынушыларының түзету коэффициентін заңсыз көтерген және теңдәрежелі келісімдерге түрлі шарттар қабылдап отырған. Енді тәртіпті белден басқан кәсіпорын сот шешімімен тұтынушыларға артық төлеген ақшаларын қайтарады. Ол үшін жыл аяғына дейін уақыт берілген. Бұл жұмыс біздің өңірде де атқарылады. Компанияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы, алдымен, деректер базасын жаңартады. «Көгілдір отынға» төленген ақша қайта есептеледі. Ал облыста 168 мың газ тұтынушысы бар. Бұған уақыт керек дейді филиал басшылығы. Айта кетейік, жазда газ құнының көтерме бағасы өскендіктен, тамыздың 1-інен бастап тариф 17,3 теңге болды. - Дерек базасын өзгертіп жатырмыз. Сол бойынша тұрғындар мен мекеме-кәсіпорындардың төлемдері қайта есептелінеді. Бұл жұмыс автоматты түрде жүргізіледі. Бізге арыз не өтінішпен келудің қажеті жоқ. Өзіміз еептеп шығарамыз. Ол үшін бізге уақыт берді. Осы жылдың желтоқсан айына дейін жұмыс істеледі, - деп түсіндіреді «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ БҚ өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Асылбек ҚАЙБАЛИЕВ.
Справка: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ — еліміздің газдандырылған барлық 10 облысында магистралды және таратушы газ құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасындағы газбен жабықтаушы ірі компания. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық Оператор – «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы бола отырып, мықты кадрлық әлеуеттімен, заманауи инновациялық және ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген жоғары материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ газбен жабдықтау саласында қызметтерді көрсету бойынша жетекші Компания бола отырып, болашақта табиғи газды сенімді жеткізуді және тасымалдауды, газбен жабдықтау қызметтерінің жоғарғы сапасын, қызметтердің тиімділігінің өсуін және ғылыми-техникалық әлеуеттің қолданылуын қамтамасыз ететін кепілгер болады.
Арман КУРМАНГАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp