• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Халықпен бірге - Оралдың жарқын болашағын бірге қалаймыз!

Халықпен бірге - Оралдың жарқын болашағын бірге қалаймыз!

 

Құрметті Орал қаласының тұрғындары, қымбатты жерлестер, мен, Джумашев Айдос Бейбитович, №4 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Орал қалалық мәслихатының депутаттығына өз кандидатурамды ұсынып отырмын. Мен осы жерде, Батыс Қазақстанда, өзіміздің ару Орал қаласында туып-өстім – бұл менің  отбасым тұратын және екі балам өсіп келе жатқан туған шаңырағым, сондықтан қаламыздың өсіп-өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатының артуы мені әрдайым толғандыратын маңызды мәселелердің бірі болып табылады, өйткені Оралдың болашағы оның әрбір тұрғынының өмір сапасымен, күнделікті тұрмысымен және ортақ еңбегімен тығыз байланысты.

Өз өмірімде мен әрқашан даму мен жүйелілікке және терең білім алуға ұмтылдым: менің екі жоғары білімім бар – біріншісі экономикалық, оны 2000 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында алдым, екіншісі заңгерлік, оны 2006 жылы Каспий қоғамдық университетінде тәмамдадым, ал олардың арасында 40275 әскери бөліміндегі адал қызметім маған қатал тәртіпті, Отанға деген адалдықты, міндетті жоғары деңгейде атқаруды және ортақ мақсатқа жету жолында командада жұмыс істей білуді үйретті. Өз өмірімнің жиырма жылға жуық уақытын, яғни 2004 жылдан 2022 жылға дейін ішкі істер органдарындағы қызметке арнадым, онда мінсіз әрі адал жұмысым үшін 48 рет алғыс алып, ҚР ІІМ ІІ және І дәрежелі төсбелгілерімен марапатталдым, бұл офицерлік мектеп бойымда темірдей табандылықты, әділдік сезімін және ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп пен тыныштық үшін толық жауапкершілікті өз мойныма алу әдетін қалыптастырды. Қызметімді аяқтағаннан кейін экономиканың нақты секторына келіп, «Нұр Ер Орал» ЖШС-ін табысты басқардым, ал қазіргі уақытта «Нұр Ер» ЖШС кәсіпорнының директорымын – бұл жылқының қасиетін қастерлеп, ұлықтайтын бірегей орталық, өйткені біз үшін, қазақ халқы үшін, жылқы – жай ғана жануар емес, еліміздің жаны, еркіндіктің символы, ұлы даланың сәні мен мақтанышы, ата-бабадан мирас болған асыл мұра, оның жүрісінде – тектілік, мінезінде – еркіндік, ал болмысында – сұлулық бар. Дәл осы тектілік, адалдық, ашықтық пен өз тамырына деген терең құрмет принциптерін мен өзімнің қоғамдық қызметіме де енгіземін және қаламызда шешімін жедел күткен мәселелердің аз еместігіне кәміл сенемін, бірақ оларды шешу үшін құр уәде емес, нақты іс, табанды еңбек және әрбір сайлаушы алдында жоғары жеке жауапкершілік қажет деп есептеймін. Менің ұстанымым – халықпен әрдайым тығыз байланыста болып, №4 округ тұрғындары болып табылатын сіздермен тұрақты түрде ашық кездесулер өткізу, барлық ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдау және туындаған әрбір мәселенің тиімді оң шешімін табуына бар күш-жігерімді, өзімнің көпжылдық заңгерлік, құқық қорғау тәжірибем мен экономикалық білімімді қарапайым азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға, жолдардың сапалы жөнделуіне, көшелерді жарықтандыруға, ТҮКШ модернизациясына, инфрақұрылымды дамытуға және аулаларымызды абаттандыруға бағыттау. Мен қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, ашық, коммуникабельді әрі төзімді адаммын, мен үшін халықтың сенімі – үлкен аманат, ал депутаттық қызмет – сол сенімді ақтауға бағытталған жауапты міндет, өйткені Оралдың өркендеуі – ортақ мүддеміз, ал оның жарқын болашағы – ортақ жауапкершілігіміз, сондықтан туған қаламыздың дамуы жолында бірлесе еңбек етіп, нақты тәжірибеге, кәсібилікке және заңдылыққа дауыс бере отырып, игі істердің жүзеге асуына бірге атсалысайық! Біз бірлесе отырып округімізді гүлденген, жайлы, қауіпсіз және өмір сүруге тұрақты етеміз.

Кандидат А. Б. Джумашевтың республикалық бюджет қаражатынан төленді.

 

Идти в ногу с народом - вместе созидаем светлое будущее Уральска!

Уважаемые жители города Уральск, дорогие земляки, я, Айдос Бейбитович Джумашев, выдвигаю свою кандидатуру в депутаты Уральского городского маслихата по одномандатному территориальному избирательному округу №4. Я родился и вырос здесь, в Западном Казахстане, в нашем прекрасном Уральске - это мой родной дом, где живет моя семья и растут двое моих детей, поэтому процветание города и повышение благосостояния его жителей являются вопросами, которые волнуют меня каждый день, ведь будущее Уральска тесно связано с качеством жизни каждого из нас, с нашим повседневным бытом и общим трудом. В своей жизни я всегда стремился к развитию, системности и получению глубоких знаний, за моими плечами два высших образования - экономическое, полученное в Западно-Казахстанском сельскохозяйственном институте в 2000 году, и юридическое, которое я получил в Каспийском общественном университете в 2006 году, а между ними была служба в армии в войсковой части 40275, научившая меня строгой дисциплине, верности долгу, исполнительности и умению работать в команде ради достижения общей цели. Почти двадцать лет своей жизни, с 2004 по 2022 год, я отдал службе в органах внутренних дел, где за годы безупречной, честной работы получил 48 благодарностей и был награжден нагрудными знаками МВД РК II и I степеней, и эта офицерская закалка воспитала во мне железную стойкость, обостренное чувство справедливости и привычку брать на себя полную ответственность за безопасность, общественный порядок и покой граждан. Завершив службу, я пришел в реальный сектор экономики, успешно руководил ТОО «Нур Ер Орал», а в настоящее время являюсь директором предприятия ТОО «Нур Ер» - уникального центра, который искренне почитает красоту и благородство лошади, ведь для нас, казахов, лошадь - это не просто животное, а душа нашего народа, символ свободы, украшение и гордость великой степи, великое наследие, завещанное предками, в чьей поступи есть порода, в характере - свобода, а в ее природе - красота. Именно эти принципы благородства, честности, открытости и глубокого уважения к своим корням я переношу в свою общественную деятельность, твердо веря, что в нашем городе немало проблем, ожидающих своего скорейшего решения, но для их устранения нужны не пустые предвыборные обещания, а конкретные дела, упорный труд и высокая персональная ответственность перед каждым избирателем. Моя позиция - всегда быть в тесной связи с народом, регулярно проводить открытые встречи с вами, жителями округа №4, внимательно слушать все предложения, мнения и вместе находить эффективные решения для каждой проблемы, используя весь свой многолетний юридический, правоохранительный опыт и экономические знания для защиты законных прав простых граждан, строгого контроля за целевым расходованием бюджетных средств, качественного ремонта дорог, освещения улиц, модернизации ЖКХ, развития инфраструктуры и благоустройства наших дворов. Я открытый, коммуникабельный и стойкий человек, свободно владеющий казахским и русским языками, и для меня доверие народа – это великий наказ, а депутатская деятельность – ответственная задача, направленная на то, чтобы это доверие оправдать, ведь процветание Уральска – наша общая цель, а его светлое будущее – наша общая ответственность, поэтому давайте вместе трудиться на благо развития нашего родного города и вместе воплощать в жизнь добрые дела, голосуя за реальный опыт, профессионализм и законность! Мы вместе сделаем наш округ процветающим, комфортным, безопасным и стабильным для жизни.

Оплачено из средств республиканского бюджета кандидата Джумашева А.Б.