• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстан шекарасын заңсыз кескендер сотталды

Иран Ислам Республикасының үш азаматы балық аулап отырып, еліміздің шекарасын заңсыз кескен.
Қазақстан шекарасын заңсыз кескендер сотталды
Сурет "ЖИ" (chatgpt) көмегімен жасалды

Каспий теңізінде балық аулап жүрген Иран Ислам Республикасының үш азаматы Қазақстанның шекарасын заңсыз кескен. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады.

Заң бұзған жандарды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскерилері қолға түсірген. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Ирандықтардың ісі Қарақия аудандық сотында қаралған.

— Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран Ислам Республикасының үш азаматы кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жібере отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Сот үкімі заңды күшіне енген.