• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда электр көліктердің саны артқан

Бір ғана 2026 жылдың қазан айында қазақстандықтар 172,2 мың көлікті тіркеуге қойды, оның басым бөлігі — жеңіл автомобильдер. Ел жолдарында қандай отын түрі басым екенін және көлік нарығы қалай өзгеріп жатқанын тарқатып көрейік.
Қазақстанда электр көліктердің саны артқан
Сурет "ЖИ" (gemini) көмегімен жасалды

Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 6140,7 мыңға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Бюро Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйене отырып, қазан айында тіркелген темір тұлпар саны мен қандай көліктердің тіркеуге алынғанын жариялады. 

Өткен айда елімізде 172,2 мың автокөлік құралы есепке алынды. Негізгі сұраныс күнделікті жүріс-тұрыс пен отбасыға арналған жеңіл көліктерге тиесілі:

  • жеңіл автомобильдер — 153,8 мың бірлік;
  • жүк автомобильдері — 9,9 мың бірлік;
  • тіркемелер — 4,6 мың бірлік;
  • өзге де көлік құралдары — 1,8 мың бірлік;
  • автобустар — 1,3 мың бірлік;
  • мотоциклдер — 0,8 мың бірлік.

Жалпы автопаркте жеңіл көліктер айқын басымдыққа ие — олар барлық тіркелген техниканың 83,9%-ын құрайды. Одан кейінгі орындарда жүк көліктері (8,1%), тіркемелер (4,3%), автобустар (1,5%), мотоциклдер (1,2%) және өзге де көліктер (1%) тұр.

Бензин әлі де көш басында, бірақ электромобильдер көбейіп келеді

Қазақстандық жүргізушілердің басым бөлігі бұрынғыдай бензин құяды — мұндай көліктердің үлесі 79,9%. Дизель отынын 7,5%, ал аралас отын түрлерін 6,5% көлік пайдаланады. Ресми статистикада газбен жүретін көліктердің үлесі әзірге небәрі 0,4% шамасында.

Ал электр қуатымен жүретін көліктер саны 43 056 бірлікке жетті, бұл жалпы парктің 0,7%-ын құрайды. «Жасыл» көліктердің ең көп шоғырланған аймақтары мыналар:

  • Алматы қаласы — 22 065 бірлік;
  • Астана қаласы — 3 662 бірлік;
  • Алматы облысы — 3 120 бірлік;
  • Ақмола облысы — 1 805 бірлік.