• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда жылдық инфляция 10,3% жетті

Ұлттық статистика бюросы маусым айынның инфляциясын жариялады.
Қазақстанда жылдық инфляция 10,3% жетті
В Казахстане дорожают услуги и товары: инфляция превысила 10%

Ұлттық статистика бюросы маусым айының инфляциясын жариялады. Бюро таратқан ақпарына сүйенсек, өткен айда елімізде инфляция 0,8 пайызды құрапты. Ал, инфляцияның жылдық мәні 10,3 пайыз болған.

Сала мамандары бір айдың ішінде кейбір көкөніс пен тамақ өнімдері арзандағанын хабарлады. Бағасы арзандаған көкөністің бірі- тәтті бұрыш. Оның бағасы -12,6 пайызға арзандаған. Сондай-ақ қызылша – 7,8%, жұмыртқа – 3,8%, банан – 3,3%, баялды – 1,7%, қара шай – 1,1%, бидай жармасы мен алма – 0,8%, шоколад пастасының бағасы 0,3% төмендеді.

Ел аумағында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың арасында бірқатар ұзақ пайдаланылатын тауарлар мен медициналық өнімдер бағасының төмендеуі байқалды екен. Мәселен, шаңсорғыш – 7,2%, үтік – 5,4%, медициналық бетперде – 4,1%, электр шәйнек – 2,9%, модемдер мен роутерлер – 1,5%, ноутбук – 1,2%, парацетамол – 0,8%, қолға арналған крем – 0,6% арзандады.
Ал, ақылы қызметтер арасында ыстық су тарифтері 3,7%, суық су тарифтері 3,2% төмендеді.

—Жылдық мәнде 2026 жылғы маусым айында инфляция 10,3% құрады. Бұл ретте жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша өткен жылмен салыстырғанда бағаның айтарлықтай төмендеуі сақталып отыр. Мәселен, қызылша – 26,9%, қызанақ – 23,8%, қияр – 20,8%, пияз – 15,9%, сарымсақ – 11,9%-ға арзандады, — деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда бұқара ұзақ пайдаланатын техника мен дәрі-дәрмектің бағасы арзандапты. Мәселен, 2025 жылдың маусымымен салыстырғанда темір тұлпарлар 9,9 пайызға, кондиционерлер 9,7% арзандаған.

Главный баннер --> after article