• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстандықтардың 47 пайызы спортпен шұғылданады

Қай өңірдің тұрғындары спортты жанына серік етті?
Қазақстандықтардың 47 пайызы спортпен шұғылданады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ұлттық статистика бюросы 12 мың үй шаруашылығының тұрғындарынан сауалнама жүргізіпті. Зерттеу нәтижесіне сәйкес қазақстандықтардың 47,7 пайызы спортпен шұғылданады екен.

Басты көрсеткіштер мен өзгерістер

Главный баннер

Өткен жылмен салыстырғанда спорт сүйер қауым үлесі 1,2 пайыздық тармаққа өсті. Әсіресе қала тұрғындары бұл жағынан белсенділік танытқан. Олардың пайыздық көрсеткіші 49,3-ті құрайды. Ал ауылдық ағайынның 45 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады екен.  

Жалпы халықтың 28,1 пайызы оқу орындарындағы сабақтарға қатысады. Ал 19,2 пайызы бос уақытында өз бетінше жаттығуды жөн көреді. Дегенмен, кәсіби спортпен айналысатындар әзірге небәрі 0,4 пайызды құрайды.

Кімдер көбірек жаттығады?

Өз бетінше спортпен шұғылданатындар арасында 36 мен 48 жас аралығындағы азаматтар көш бастап тұр. Олардың көрсеткішісі 28,4 пайызды құрайды. Екінші орында –17–28 жастағы жастар. Олардың пайыздық үлесі 18,6 пайыз, үшінші орында 58 жастан асқан жандарға тиесілі.

Сауалнамада жеке жаттығу жасауда гендерлік тепе-теңдік сақталған: ерлер үлесі 51 пайыз болса, әйелдер 49 пайызды құрайды. Қалалық жерде әйелдер белсенді болса, ауылда керісінше - ер адамдар жиірек жаттығады.

Өңірлік ерекшеліктер қандай?

Әр аймақтың өз көрсеткіштері бар. Мысалы, жастар арасындағы дербес жаттығулар Маңғыстау (48,1%) мен Қызылорда (31%) облыстарында ерекше танымал.

Ал орта жастағылар Павлодар (42,6%) мен Жамбыл (40,8%) өңірлерінде белсенді екен. Ардагерлер арасында Солтүстік Қазақстан (32,7%) мен Қостанай (32,2%) облысы көш бастап тұр.

Главный баннер --> after article