• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанның гандболдан ерлер құрамасы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Турнир Италияда өтті.
Қазақстанның гандболдан ерлер құрамасы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Туризм және спорт министрлігінің фотосы

Қазақстанның гандболдан ерлер құрамасы ерледі. Спортшылар Италияда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Туризм және спорт министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарыс Италияның Терамо қаласында ұйымдастырылыпты.

Қазақстандық спортшылар Interamnia World Cup жарысының жартылай финалында Италияны 23:13 есебімен ұтыпты. Қазақ спортшылары финалда Ливияның құрамасымен ойнады. Ливиялық гандболшылар 28:23 есебімен тізе бүктді. Осылайша Қазақстан құрамасы халықаралық сайыста жеңімпаз атанып, алтын медаль қанжығалады. Байқаудың қорытындысы бойынша Ливия екінші орынға жайғасса, Бельгия үздік үштікті түйіндепті.

Главный баннер --> after article