• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қажылыққа апарам деп азаматтарды алдағандар сотталды

Олар әлеуметтік желіге Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастырамыз деп жалған жарнама берген. Қылмыскерлерге сенген жандар 60 млн теңгені санап берген.
Қажылыққа апарам деп азаматтарды алдағандар сотталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Астанада қажылыққа апарам деп тұрғындарды алдап соққан екі адам сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды. Жауапқа тартылғандар әлеуметтік желіге Сауд Арабиясының Мекке мен Мәдина қаласына қажылық сапар ұйымдастырамыз деп жалған жарнама жариялапты. Олардың жарнама сеніп, қажы атанғысы келген жандар 60 миллион теңге қаражатты санап берген. Жалған жарнама берушілерге 37 адам алданып қалыпты. Сотталғандар қаражатты қалтаға басып, оны өз қажетіне жұмсаған.

Сот үкімімен қасиетті сапарды ұйымдастырамыз деген жандар төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы толық қанағаттандырылыпты.

Главный баннер

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

 

 

Главный баннер --> after article