Социум
Конституция күні қарсаңында Ақсайда 22 медицина қызметкеріне жатақхана кілті табысталды
Жатақхана гимараты күрделі жөндеуден өтті. Мамыр айында Әл-Фараби көшесінде көптен пайдаланылмай тұрған ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Ақсай қала статусына ие болғаннан кейін 1938 жылы бой көтерген ғимарт. Қазақстан теміржол қызметкерлеріне арнап салынған болатын. Кейін жұқпалы ауруларға арналған аурухана, бейімдеу орталығы болған нысан бірнеше жыл иесіз қалды. Тозығы әбден жеткен ғимарат енді толығымен қайта жөндеуден өтті. Жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары аудан бюджеті есебінен жүргізілді. Қазынадан 72 миллион теңге бөлінді. Ғимарат ішін қоқыстан тазартудан ба