• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Қыздармен көп жүрдік, әйелімді ренжіттім»: актер Алмат Сақатов ашық сұхбат берді

«Қыздармен көп жүрдік, әйелімді ренжіттім»: актер Алмат Сақатов ашық сұхбат берді
Видеодан кадр. "Базарlike" бағдарламасы.

Актер Алмат Сақатов «Әңгіме бар» подкастына берген сұхбатында жастық шағындағы оқиғалар, ата-анасының оған көрсеткен қолдауы және отбасылық өмірде жіберген қателіктері туралы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды МойГород.

Актер анасының өзінің өмір жолында ерекше орны бар екенін де атап өтті. Оның сөзінше, отбасындағы балалардың тәрбиесі мен қалыптасуына анасы үлкен үлес қосқан. Тіпті әкесінің Мәскеуге барып білім алуына да анасының ықпалы болғанын айтты.

“Менің адам болып жүргенім де, әйелімнің жақсы келін болып отырғаны да – анамның арқасы. Ол бізді артық сөзбен тәрбиелеген жоқ. Кейде бір көзқарасымен-ақ орнымызға қоятын. Бүгінде де үйіміздің берекесі анамның алақанында тұрғандай. Ол кісі өмірден өтсе, үйдің ауасы да өзгеріп кететіндей көрінеді”, – деді актер.

Сұхбат барысында Алмат Сақатов отбасылық өмірінде де елеулі қателіктер жібергенін ашық мойындады. Ол өнердегі алғашқы жылдарында гастрольдік сапарлар мен танымалдыққа елітіп, жұбайы мен балаларына жеткілікті көңіл бөле алмаған кездері болғанын айтты.

“Келіншегімді өте көп ренжіттім. Тентек болдым, қыздармен көп жүрдік, гастрольден гастрольге шықтық. Ол кезде халық жақсы көретін, алдыңғы қатардағы шоулардың бірі болдық. Өзімізді бір сері сезініп жүрдік. Үйде бала-шағаңды бағып отырған жарың барын айлап ұмытып кететін кездер болды”, – деді Сақатов.

Өнер иесі отбасындағы жанжалдар кезінде жұбайына қол көтерген кездері болғанын да жасырмады. Актер бұл әрекетін қазір қателік деп бағалап, оған өкінетінін айтты.

“Қарсы сөйлеген кезде, өз қателігімді біле тұра мойындағым келмей, бір-екі рет сілтеген кезім болды. Өкінемін”, – деді ол.

Сақатов бұрын өзін жақсы жар ретінде көрсете алмаған кезеңдері болғанын да мойындады. Оның айтуынша, ол кезде жұбайынан кешірім сұрап, гүл немесе сыйлық беру арқылы татуласуға тырыспаған.

“Мен есі дұрыс күйеу болған жоқпын. Гүл, сыйлық алып, әйелімнің алдына барып кешірім сұрап көрмеппін. Табиғатымда болмады. Жұмысыммен, әрекетіммен жағдайды түзетуге тырысатынмын. Сыйлық арқылы кешірімін алу уақытша ғана нәрсе. Әйелдің жүрегіне жылдар бойы қадаған шегені бір күнде суырып тастай алмайсың”, – деді актер.