• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 9 қазанда ҚАЗТЕСТ сынағы өтеді

Қазақ тілінен сынақ тапсыру үшін қатысушылар 30 қыркүйек пен жетінші қазан аралығында өтініш беру керек.
Оралда 9 қазанда ҚАЗТЕСТ сынағы өтеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Тоғызыншы қазанда қазақ тілінен сынақ өтпек. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Орталық таратқан ақпаратқа сүйенсек, тест  тапсырушылар 30 қыркүйек пен жетінші қазан аралығында өтініш бере алады. Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Сынақ ақылы. Оның бағасы 7121 теңгені құрайды.

Қазақ тілінің сынағы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан, Тараз қаласында өтеді.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:

  • Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
  • Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
  • Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
  • Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).

Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс. Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады.