Макаров ауылында спорт және балалар алаңы ашылды
Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды. Бұрын спорт және балалар алаңын көрші ауылдар мен қаладан ғана көріп, «біздер қашан осындай алаңға қол жеткіземіз?»- деп қыңқылдайтын балалардың бұл күні қуаныштан жүздері бал-бұл жанды. Себебі осы күнге дейін ауыл халқында мұндай құрал-жабдықтар, алаң деген атымен болмаған. Енді жастан кәріге дейін спорт алаңына келіп, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалып отыр. Бұқаралық спорттың қолжетімді болуына халық дән риза. - Балаларға салған алаң құтты болсын! Немере-шөберелеріміз келіп ойнап, мәз-мейрам болып жатыр. Ауыл тұрғындарына да жақ