Маңғыстауда сөмкесінен бір келі қара уылдырық табылған ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Маңғыстаулық полиция қызметкерлері 21 қазанда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 39 жастағы ер адамды тоқтатқан. Тәртіп сақшылары оның сөмкесін тексергенде пластикалық ыдысқа салынған бір келідей уылдырықты тапқан.
Қазіргі таңда осы дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Полиция қызметкерлері қара уылдырықтың қайдан келгенін және оның қалай алынғанын анықтамақ.