• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстау шенеуніктері 1 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады

Жаңаөзен полигонындағы ірі өрт пен Ақтау маңындағы заңсыз қоқыс үйінділері жауапты тұлғаларға қымбатқа түсті. Табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық талаптарды өрескел бұзған төрт шенеунік пен коммуналдық кәсіпорын өкілдерін жазалады.
Маңғыстау шенеуніктері 1 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қоқыс полигонындағы ірі өрт пен елді мекендердегі бейберекет күл-қоқыс Маңғыстау облысының лауазымды тұлғаларына миллион теңгеден астам шығын әкелді. Экологиялық заңнаманың өрескел бұзылғанын өңірдің табиғат қорғау прокуратурасы анықтады.

Тексеріс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың төрт қызметкері мен коммуналдық кәсіпорындардың жауапты мамандары ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы бір миллион теңгеден асып жығылады.

Заңбұзушылық қай жерлерде тіркелді:

  • Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы: Облыс орталығы мен Баянды ауылының аумағында белгіленбеген орындарда тұрмыстық қалдықтардың шамадан тыс жиналуына жол берілген.
  • Жаңаөзен қаласы: Жергілікті полигонда қалдықтарды жинақтау ережелері сақталмаған. Соның салдарынан қоқыс алаңынан өрт шығып, 1 500 шаршы метр аумақты шарпыды.