Маңғыстаудың 260-қа жуық тұрғыны апатты үйде өмір сүреді. Жалғыз қонысы апатты деп танылған жандарға жаңа үйлер салынбақ.Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай 14 қазанда бастауды тапсырды. Жаңа баспаналар Жаңаөзен қаласында, Боранқұл, Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылы және Мұнайлы ауданында бой түземек. Жоспар бойынша 32 үй бой түземек.
-Құрылыс жұмыстарын жедел бастаңыздар. Бұл - кезек күттірмейтін мәселе. Халық жаңа баспананы күтіп отыр. Сондықтан жұмысты созбалаңға салмай, белгіленген мерзімде әрі сапалы орындау қажет. Әрбір тұрғынның қауіпсіз әрі жайлы баспанада тұруын қамтамасыз ету - басты міндетіміз. Осыған байланысты жауапты мекемелер мен мердігер ұйымдар құрылыс барысына ерекше жауапкершілікпен қарап, жұмысты уақытылы аяқтауға күш салуы тиіс, - деді Нұрдәулет Қилыбай.