• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстауда теңізге шыққан үш тұрғын құтқарылды

Оқиға Түпқараған ауданында болған.
Маңғыстауда теңізге шыққан үш тұрғын құтқарылды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстауда, Каспий теңізінде жағадан алыстап кеткен тұрғындарды құтқарушылар аман алып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Үш тұрғын теңізге үрмелі қайықпен шыққан. Екпіні қатты желдің салдарынан қайық жағадан алыстап кетіпті.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағалауға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. 

Төтенше жағдайлар министрлігі екпіні қатты жел кезінде теңізге шықпауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.