Маңғыстаулық блогер тікелей эфирде желі қолданушыларын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Түпқараған ауданының 21 жастағы тұрғыны TikTok желісі арқылы тікелей эфир жүргізіп, бәйәдеп сөздер айтыпты. Оның ісі сотта қаралыпты. Соттың шешімімен әлеуметтік желі қолданушыларына тіл тигізген блогер жеті тәулікке қамалды.
Бұған дейін де әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, жұртшылықты балағаттаған блогерлер қамаққа алынған еді.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға, өзге адамға құрмет танытуды сұрайды.