Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны өз көлігін мас күйдегі жүргізушіге сеніп тапсырғаны үшін қатаң жазаға тартылды. Сот шешімімен автокөлік иесі де, рөлде отырған азамат та 15 тәулікке қамалып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Білмей қалдым» деген сөз жауапкершіліктен құтқармады
Сот отырысында көлік иесі танысының ішімдік ішкенін байқамай қалғанын айтып, өз айыбын мойындаудан бас тартқан. Егер рөлге отырған адамның мас екені дәлелденсе, көлікті берген адам да заң алдында тура сондай жауапкершілік арқалайды.
Судья іс материалдарын, соның ішінде медициналық куәландыру қорытындысын, патрульдік видеожазбаларды және куәгерлердің түсініктемелерін мұқият зерттеді. Нәтижесінде көлік иесінің кінәсі толық дәлелденді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сәйкес, мас жүргізушіге рөлді бергені үшін де, рульде мас күйде отырғаны үшін де жаза бірдей. Екі азамат та бірдей мерзімге темір торға қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.