Маңғыстауда жеті ұстаз жалған куәлікпен жұмыс істеген
Маңғыстауда жеті педагог жалған куәлікпен жұмыс істепті. Ұстаздардың даярлықтан өту куәлігінің жалғандығы анықталды.

Маңғыстау облысына қарасты, Бейнеу ауданында мұғалімдер жалған куәлікпен жұмыс істеген. Прокурорлар тексерісі нәтижесінде педагогтардың кәсіптік даярлықтан өткен құжаты жалған екені анықталды. Ведомство қызметкерлерінің келтірген дерекке сүйенсек, «Ә» есімді ұстаз 2024 жылдың наурызында Алматы қаласында орналасқан SDU University университетінің «Арнайы педагогика» мамандығы, «логопед-дефектолог» біліктілігін арттырды деген құжатты сатып алыпты. Жалған куәліктің арқасында ол мектепте мектепте «педагог-психолог» болып жұмыс істеген.
Бейнеуде осыған ұқсас 6 дерек тіркеліпті. Сот үкімімен жеті ұстаз Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 385 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылыпты. Заң бұзған мұғалімдер айыппұл арқалады.