Румыниядан ақжолтай хабар жетті. Батысқазақстандық спортшы Мейрамбек Аманша тоғызқұмалақтан Әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Спортшының жеңісін Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Мейрамбек жарыста классика және рапид түрінен сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша спортшы классика түрінен жеңімпаз атанып, рапидтен қола медаль иеленді.
Байрақты бәсеке көру қабілеті және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында өтті. Жарыс 21-29 қыркүйек күндері ұйымдастырылды.