25 сентября 2020

Nur Otan партиясының праймериз үміткері Матевосян Александр Сергеевичтің сайлауалды бағдарламасы

Предвыборная программа кандидата на праймериз партии «Nur Otan» Александра Сергеевича Матевосяна

Құрметті жерлестер!

Өздеріңіз білетіндей, «Nur Otan» партиясы еліміздің партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет «Праймериз» өткізілетінін жариялады. Ішкі партиялық праймеризді өткізу ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осыдан үш жыл бұрын іргесін қалаған партиялық-саяси жүйені терең трансформациялаудың, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған жаңғырту саясатының нәтижесі болып табылады. Осының арқасында қазақстандықтардың еліміздің саяси жүйесінде болып жатқан маңызды өзгерістеріне қатысу мүмкіндігі пайда болды. Бүкіл әлемде праймериз үміткерлерді іріктеудің ең демократиялық әдісі болып саналады, бұл партияда және оның жақтастарының арасында кімнің танымал екенін анықтауға мүмкіндік береді. Праймериз қорытындысы бойынша ең табысты үміткерлер сайлауға барады. Праймериз барынша белсенді, немқұрайлы емес адамдарға біздің өңіріміздің және жалпы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде өзін көрсету үшін мүмкіндік береді деп сенемін. Дегенмен, өз елімнің азаматы ретінде болашақта маған өңіріміздің тұрғындарының көкейтесті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін демократиялық өзгерістердің орталығында болуымды өзімнің парызым деп санаймын.
Матевосян Александр Сергеевич 1963 жылы 21 қазанда РФ, Калуга облысы, Киров ауданы, Выползов селолық кеңесінің Шайковка жерінде дүниеге келген. Білімі орта - техникалық, мамандығы - ауыл шаруашылығы механигі. Қазақстан Республикасының азаматы, 57 жаста. Үйленген, екі баласы, үш немересі бар. 1999 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Матевосян» шаруа қожалығының басшысы, сондай-ақ «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ акционері және «Масис» этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары болып табыламын. 2008 жылы экономика, әлеуметтік сала, ғылым және мәдениет, білім беру салаларын дамытудағы еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасының рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға әрі көбейтуге қосқан жеке үлесі, адам құқықтары мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі үшін Парасат орденімен марапатталды. ҚР Президентінен, ҚР ауыл шаруашылығы министрінен, «Нұр Отан» партиясының басшылығынан, Батыс Қазақстан облысының басшылығынан алғыс хаттарым бар. Президенттің биылғы жолдауын қолдаймын және оған сүйене отырып, мен кейбір мәселелер туралы өз көзқарасымды ұсынамын, оларды жеңу әр адамның басты арманын жүзеге асыруға – өзі үшін де, кейінгі ұрпақ үшін де лайықты өмір сүруге белгілі бір үлес қосуы мүмкін.
  LQv16JTPVsM   «Праймериз» үміткерінің сайлауалды бағдарламасы Бірінші кезекте аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетуді өзімнің парызым деп санаймын. - Бірінші кезектегі тәртіппен саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді одан әрі нығайту қажет; - Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ол үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кезінде кластерлік тәсілді енгізу қажет; - Ауыл тұрғындарының техниканы несиеге және лизингке алу тетігін жетілдіру, несиелерді ауылдық жерлерде орта және шағын бизнестің өндірістік объектілерін дамытуға бағыттау; - Ауылдарға қамқорлық жасау инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін тиімді болатындай жағдай жасау қажет, бұл кейіннен инвесторларды тартып, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға алып келеді; - Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау және дамыту, отбасының рөлін нығайту, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету. Өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілікті, мақсатқа ұмтылушылықты, патриотизмді тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. - Ауылдарды цифрландыру, жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу, ауылда жоғары жылдамдықты интернеттің болмауы агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологиялардың енгізілуіне кедергі келтіреді; - Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау, әрбір азаматтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру арқылы халықтың денсаулығын нығайту; - Жастардың бос уақытын өткізу және жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу, ауданның елді мекендерінде спорт және балалар алаңдарын салуға жәрдемдесу; - Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорттағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу; - Аға буын адамдарына деген ерекше көзқарас; - Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру және бейімдеу мәселелері; - Елді мекендерді абаттандыру, оларды жарықтандыру, жолдарды жөндеу, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету; Біздің ауданда халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін көп жұмыс жасалды, бірақ мен әкімдік пен мәслихат депутаттарының күшін біріктіре отырып, ауданның экономикасын көтеру, адамдардың әл-ауқатын жақсарту үшін көп жұмыс жасауға болады деп санаймын. Бүкіл өмірін ауылға және оның тұрғындарына арнаған адам ретінде мен ауыл шаруашылығы мәселелерін шешпей, мемлекет пен азаматтардың болашағы болмайды деп сенемін. Осы саладағы, ауыл тұрғындарын әлеуметтік қорғаудағы, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы өзекті мәселелерді шешпей, біз алға жылжи алмаймыз. Біз ұрпақтарға таза жер, ауа, су беруіміз керек – онсыз өмір сүру мүмкін емес. Бұған қол жеткізу үшін ортақ күш қажет. Мен өз тарапымнан қойылған міндеттерді шешу үшін өзімнің барлық тәжірибемді, білімім мен күш-жігерімді жұмсауға ниеттімін! Маған дауыс беріңіздер! #праймеризгеқатысамын #МағанДауысбер #яидунапраймериз #ГолосуйЗаМеня #праймериз2020 На правах рекламы. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp