06 декабря 2018

Орал қаласында қоқыс шығару тарифі арзандайды

Жаңа жылдан бастап елбасының тапсырмасына сай, тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифінің бағасы 10%-ға төмендегелі отыр. Бұл жөнінде тазалықпен айналысушы кəсіпорын басшысы хабарлады. Барлық қызмет пен азық-түлік бағасы өседі деп, қымбатшылықтан зəрежап болған халық үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Аз да болса коммуналдық төлемге жеңілдік. "Орал таза сервис" ЖШС қызметкерлері өз жағдайлары мəз еместігіне қарамастан осындай бастаманы қолға алған. Бұл өзгелерге үлгі боларлық іс. -"Мен зейнеткермін. Қыста коммуналдық төлем ақы қымбатқа шығады. Бұл енді жағымды жаңалық екен. Өзге де тарифтер арзандаса жақсы болар еді",-дейді қала тұрғыны Орынгүл Сапанова. Айта кетейік, алдағы жылдан бастап қоқыс контейнеріне тасталған тұрмыстық қалдықтар сұрыпталатын болады. Сұйық отын, жарық өзге де қызметтер құны шарықтағанда коммуналдық кəсіпорынға тарифті түсіру оңай болмасы аңғарылды. Себебі өз есептері бойынша тариф 380 теңге болуы тиіс-тұғын. Ал қазір 10 пайыздық жеңілдікпен 190 теңге болып бекітілуде. -"2018-жылдың 1-тамызынан көп қабатты үй тұрғындары 215 теңге төлеп келген болатын. Ал жеке секторға 219,4 теңге болып келді. Енді 10 пайызға төмендегелі отыр. Бұл шамамен 190 теңгені құрайды",-дейді "Орал таза сервис" ЖШС директоры Рафхат Данағұлов. Тұрғындардың қоқыс алаңдары уақытылы тазартылмауы жөніндегі арызына қатысты мамандар мынандай уəж айтады. Қалада қоқыс контейнерлері жетіспейді. Оның үстіне ұрылар да тыныштық бермей, темір жəшікке қырғидай тиюде. Контейнерлердің көбі ескі, көлемі 750 литрлік. Негізі əр тұрғын үй ауласында 1100 литрлік 3-4 контейнерден болуы тиіс. Жалпы облыс орталығында 700-дей қоқыс тастайтын алаң болса, оларға 2000-нан астам контейнер орнатылған. Жəне 70 пайызға жуығы жарамсыз. Тот басып, тесіліп жатыр. Көлікке көтіріп, қоқысты аударғанда бөлініп сынып қалуы мүмкін. Тұрмыстық қалдықтары төгіліп, шашылады. Қызметкерлер үшін де қауіпті деген сала қызметкерлері контейнерлер 2-3 жылдан бері жаңаланбағанын атап өтті. Сонымен жаңа тариф бойынша тұтынушылар төлемақысы 2019-жыл басынан бастап есептелетін болады. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp